Қазақстандықтар 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін (қоса алғанда) демалады. Ал 5 қаңтар жексенбіге келсе де, жұмыс күні болады. Әуел баста, 3 қаңтар жұмыс күні ретінде жоспарланған еді. Дегенмен кейіннен еңбек министрлігінің бұйрығымен ол жексенбіге, яғни 5 қаңтарға ауыстырылды.
Енді жұмыс күндері 5 және 6 қаңтар. Ал 7 қаңтар сейсенбіге түсіп, православ Рождествосы күнінде қазақстандықтар тағы демалады.
«Осылайша, қаңтардың басында қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында бес демалыс күніне ие болады: 1-4 қаңтар және 7 қаңтар. Ал алты күндік жұмыс аптасында – төрт демалыс күні: 1-3 қаңтар және 7 қаңтар», – делінген еңбек министрлігінің мәлімдемесінде. Жалпы қаңтар айында барлық мереке күндерін қоса есептегенде, бес күндік жұмыс аптасында 11 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 7 демалыс күні болады.