Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Цифрлы контейнер» - контейнерлердің толу деңгейін бақылап, оларды уақытылы босатуға мүмкіндік береді. Бұл бастама Шымкентте қалай жүзеге асырылуда? 

Шымкентте инфрақұрылым жүйелерінде бірқатар жаңа жобалар қолға алынуда. Солардың бірі ретінде цифрлы технологиялардың көмегімен іске асырылып жатқан бастамаларды айтуға болады. Мәселен, тұрмыстық қалдықтарды басқаруға арналған «Цифрлы контейнер» жүйесі және кадрлық басқаруды оңтайландыруды көздейтін «HR-process» жүйесі ерекше назар аудартады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Цифрлы контейнер» - контейнерлердің толу деңгейін бақылап, оларды уақытылы босатуға мүмкіндік береді. Бұл бастама Шымкентте қалай жүзеге асырылуда? 
фото: international.kz

«Цифрлы контейнер» жобасы қалдықтарды басқару жүйесін оңтайландыруды, бейнебақылау арқылы қоқыс алаңшаларының жағдайын бақылауды және қала тұрғындарының өтініштерін жедел өңдеуді мақсат етеді. Ал,  «HR-process» жүйесі ұйымдардың кадрлық іс жүргізуін цифрландыруды, қызметкерлердің жұмысын бақылау және тиімділікті арттыруды, деректердің дұрыстығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. 

Қазіргі таңда Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты №2 қалалық емхананың үш корпусына арнайы планшеттер орнатылып, аталмыш жобалалар жүзеге асырылуда. Қызметкерлерге бағдарламаны қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді «КДС Франчайзинг» компаниясымен меморандумға қол қойылды. Өңірімізде «Ақылды қала» жобасы аясында инфрақұрылымды дамыту мақсатында іске асырылып жатқан «Цифрлы контейнер» және кадрлық басқаруды оңтайландыруды көздейтін «HR-process» жүйелермен қатар өзге де бастамалар бар.

Сала мамандарының мәлімдеуінше, 2023 жылы осы бағыттағы көрсеткіш 61 пайызға жетсе, ағымдағы жылы оны 70 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта қала аумағындағы 190 көше қиылысына бағдаршам нысандарын интеллектуалды көлік жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта интернетке қосылу бойынша келісімдер жасалып, жыл соңына дейін жүйе толық іске қосылады деп күтілуде. Айта кетейік, интеллектуалды көлік жүйесі - көлік қозғалысын басқарудағы әлемдік тәжірибелерді біріктірген инновациялық шешім. Жүйеде  жолдар мен қиылыстарға орнатылған сенсор арқылы көлік ағыны туралы ақпарат жиналады. Айта кетейік, сенсорлы құрылғылар «микротолқынды», «инфрақызыл жылу сенсорлары» және «радолокациялық» болып үшке бөлінген.

Микротолқынды сенсорлы құрылғылар жолдағы кептеліс пен көлік ағымын нақты уақытта анықтауға мүмкіндік берсе, инфрақызыл жылу сенсорлары баннерлер мен ағаштарға қарамастан, көлік қозғалысын есептеп, бақылайтын болады. ал, радолокациялық сенсорлы құрылғылар Темірлан тас жолы мен Қонаев даңғылы сияқты маңызы зор магистрал көшелердің толық енін қамти алады.

Аталмыш жүйе атқаратын осындай жұмыстардың нәтижесінде қаладағы 246 қиылысты интеллектуалды басқаруға және көлік қозғалысын автоматты түрде тәулік бойы бақылауға болады.

Сонымен қатар, ол жол-көлік оқиғалары мен төтенше жағдайлардың алдын алуға жылдам әрекет етіп, қауіпсіздік деңгейін арттырып, кептелісті азайтады. Қазіргі уақытта жаңа жүйе қаланың барлық бағдаршамы орналасқан қиылыстардың 71 пайызын қамтып отыр.  Қалада тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері негізінде қоғамдық көлік бағыттарын оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.

Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде қоғамдық көлік ағымына мынадай өзгерістер енгізілді. Айталық, №92 автобустың бағыты тұрғындардың өтінішіне сәйкес, Д.Қонаев мектебіне дейін, №150 автобустың бағыты жол қозғалысының ашылуына байланысты Иманғара көшесіне дейін, №139 автобустың бағыты Жаңақұрылыс – Әбдіров көшелерінің қиылысына дейін ұзартылды.

Ал, Бәйдібек би – Н.Назарбаев даңғылы қиылысында 3.19 «Кері бұрылуға тыйым салынады» және 4.1.1 «Тіке қозғалыс» жол белгілерінің орнатылуына байланысты №42 автобустың сызбасыТ.Назарбеков көшесінен Ж.Шанин көшесіне қарай ұйымдастырылды.

«Қоғамдық көлік қызметін жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Жолаушылардың талаптары мен ұсыныстары басты назарда» -- дейді сала мамандары.

Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы жасыл желектерді есепке алу және заңсыз ағаш кесу фактілерін болдырмау мақсатында «KAZ ITECH» ЖШС-мен бірлесіп «zhasylshym.kz» платформасы әзірленді. Қазіргі таңда платформаға 841 012 жасыл желек туралы мәлімет енгізілді. Бұл жобалар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.