Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматыда жолды жауып, намаз оқыған 30 адам жазаланды

Алматы қаласында жолды жауып, намаз оқығаны үшін 30-дан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Paryz.kz Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда жолды жауып, намаз оқыған 30 адам жазаланды
фото: видеодан скриншот

Алматы қаласы полиция департаменті жол қозғалысына кедергі жасау қандай себеппен болса да, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы екенін және жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

«Заң талаптарын бұзған 30-дан астам адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 614-бабына сәйкес («Көлік қозғалысына кедергі жасау») әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласы полиция департаменті азаматтарды заңға бағынуға шақырады және мұндай құқық бұзушылықтарға жол берілмейтінін атап өтеді», — делінген полиция департаментінің хабарламасында.