2026 жылы LRT толық пайдалануға беріледі. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
Оның пікірінше, биыл LRT құрылысы бойынша жұмыс айтарлықтай жеделдеген. Биыл эстакада құрылысы аяқталды.
Келесі жылы жаздың ортасына дейін станциялардың құрылысы аяқталады, ал күздің ортасына дейін пойыздар келеді деп жоспарлап отырмыз. 2026 жылдың басында Astana LTR жұмысын бастайды, - деді Жеңім Қасымбек ОКҚ-де өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Қала әкімі қазір 18 станция салынып жатқанын атап өтті.