Қарағандыда қызық жағдай орын алды: базардан сары май алуға келген 63 жастағы зейнеткердің қолындағы 20 мың теңге жалған ақша болып шықты. Полиция оны алаяқтық жасады деген күдікпен ұстап әкеткен, деп хабарлайды Paryz.kz.
Күдікті базарға келіп, сары май алған. Ал, сатушыға 20 мың теңгелік жалған ақша ұстатып кеткен. Ол кінәсін мойындап, жауап берді. Айғақтар тәркіленді», - деп хабарлайды Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір қылмыстық іс қозғалып, зейнеткердің басқа да іске қатысы бар ма, жоқ па деген мәселе тексеріліп жатыр.