Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Елордада алаяқтың арбауына түскен зейнеткер үйінен айырылды

Астанада алаяқтың арбауына түскен зейнеткер үйінен айырылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Елордада алаяқтың арбауына түскен зейнеткер үйінен айырылды
фото: Halyq Uni

Polisia.kz мәліметінше, бас қаланың 65 жастағы тұрғыны Байқоңыр аудандық полиция басқармасына алаяқтық әрекетке тап болғаны жөнінде арызданды. Оқиғаға бейжай қарамаған тәртіп сақшылары бірден тергеуге кірісіп, күдіктіні бір тәулік ішінде қолға түсірді.

Зейнеткер наурызда тұрғын үй сатып алу мақсатында 9 миллион теңге көлеміндегі жинағын алаяқтың шотына аударып, оның жалған құжаттарына сенген. Өзінің қулығын шебер ұйымдастырған алаяқ зейнеткерді қымбат пәтерлерді арзан бағамен алып беремін деп сендіріп, арнайы сценарий құрастырыпты. Тергеу барысында күдіктінің тұрғын үйлерге қатысты алаяқтық схемасы бар екені анықталды. Қазір күдіктінің басқа да азаматтарды алдағаны белгілі болып, тергеу амалдары жалғасып жатыр, – делінген ақпаратта. 

Елорда сақшылары тұрғындарға сақтық шараларын ұстануды ескертеді. Бейтаныс адамдарға сенбеуді, тексерілмеген ақпарат көздерінен аулақ болуды, сондай-ақ банктер мен уәкілетті мекемелердің ресми телефондарына қоңырау шалу арқылы мәліметті нақтылауды ұсынады.

Соңғы уақытта алаяқтардың онлайн режимде, әсіресе зейнеткерлерді алдау арқылы әрекет етуі жиілегенінен құлағдар етеді.