Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары кәмелетке толмағандар арасында қорқытып алу фактілерін анықтады.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, заңсыздық Ақжар ауданындағы Ленинград ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен жеке әңгімелесу барысында анықталған.
Бірінші курс студенттері өздерінен жоғары оқитын жігіттің жүйелі түрде қорқыту арқылы ақша алып алып келгенін айтқан. Прокуратураның материалдарына сүйене отырып, бұл факт Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөліміне сәйкес Ақжар аудандық полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне дереу тіркелді.
Ақжар аудандық соты істі қарап, осы колледждің үшінші курс студенті қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Енді жігіт алдағы екі жылын түрмеде өткізбек. Бүгінгі күні үкім заңды күшіне енген жоқ.
Прокурорлардың айтуынша, заң бұзушылық туралы оқу орнының басшылығы білген, алайда құқық қорғау органдарына хабарламаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жасалған заң бұзушылықтар үшін колледждің директоры мен жауапты тұлғалары жауапкершілікке тартылды.
Болашақта мұндай фактілердің болуына жол бермеу жұмыстарын ұйымдастыру қайта қаралды.