Ақтөбеде 26 жастағы жігіт ұсталды. Ол заңгерлік көмек көрсетемін деп 22 адамнан ақша алған.
Ақтөбе қаласында өзін адвокатпын деп таныстырған жігіт ұсталды. Ол 22 адамнан ақша алып, қаржыны өз қажетіне жұмсаған.
— Адвокаттың ақысын төлеген адамдар ешқандай көмек алмаған. Жалпы шығын 10 миллион теңгеге жуықтайды. Полицейлер 26 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.
Еске салсақ, Ақтөбе қаласының тұрғыны темір торда отырған күйеуін бостандыққа шығарып алмақ болып, алаяққа алдынды. Ол апелляциялық сот арқылы көмек көрсетуге уәде берген адамға 112 млн теңге ақша төлеген. https://kaz.inform.kz/news/ozn-advokatpin-dep-tanistirgan-aktobelk-22-adamdi-aldip-sokti-8defa7/