16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қазақстан Үкіметі мен Қытай Үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге сәйкес, мереке күндері қос елдің өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады.
Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көліктерді және жүктерді өткізу іске асырылмайды. Алайда қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.