Атырауда көпқабатты үйлердің арасынан еркек пен әйел адамның денесі табылды, деп хабарлады Paryz.kz.
«Кtk» телеарнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, тәртіп сақшылары өлген екі адамның жеке басын анықтаған. Оның бірі — 42 жастағы әйел, екіншісі — 34 жастағы ер адам.
Екеуінің де денесінде зорлық-зомбылық белгілері мен жарақат жоқ. Сондықтан үй-күйсіз қаңғып жүргендер үсіп өлді деген болжам бар. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тәртіп сақшылары сот-медициналық сараптама тағайындаған..
«Атырау қаласы аумағында көп қабатты үйлердің артында жылу құбырынан табылған мүрделерге қатысты сараптама тағайындалған. Алдын ала ақпарат бойынша мүрделерде дене жарақаттары жоқ. Қазіргі уақытта кешенді тексеру амалдары жүргізілуде», - деді Атырау облысы ПД инспекторы Дина Мақсотова.