Шымкентте жедел іс-шаралар кешенін өткізу барысында есірткі өткізумен айналысатын 5 ер адам ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ақпаратқа сәйкес, күдіктілердің бірінің үйінде арнайы желдету жүйесімен, жарықдиодты шамдармен, ылғалдылықты өлшеу құралдарымен, желдеткіштермен, термометрлермен және автоматты суару жүйесімен жабдықталған қарасора өсіру бөлмесі анықталған.
«Фитолаборатория жойылып, өсірілген 46 қарасора бұталары мен құрал-жабдықтар тәркіленді. Күдіктілерден 17 доза синтетикалық есірткі және 30 грамнан астам кептірілген марихуана табылып, тәркіленді», – делінген полиция хабарламасында.
Іс бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.