«Оқиға сенбі күні Урдинская көшесіндегі үйдің жанында болған. 1989 жылы туған ер адам үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен. Жақын маңнан өтіп бара жатқан адамдар көмек сұраған дауысты естіп, 112-ге жүгінген», - делінген ведомство хабарламасында.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен оны люктен алып шықты.
Олар зардап шегушіні жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, деп қосты баспасөз қызметі.