Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

ҰҚШҰ сессиясында президенттер қандай мәселелерді талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елордада Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының отырысында қандай мәселелерді талқылағанын айтты. 

ҰҚШҰ сессиясында президенттер қандай мәселелерді талқылады
Фото: Ақорда

«Жаңа ғана отырысқа қатысушылар шағын құраммен халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері туралы жан-жақты пікір алмасты. Биыл Қазақстанның төрағалығымен ҰҚШҰ қызметінің негізгі қорытындылары талқыланды. Кездесу қорытындысы біздің ұжымдық қауіпсіздікке төнуі мүмкін сын-тәуекелдер мен қауіп-қатердің алдын алу үшін бірлесіп әрекет етуге дайын екендігімізді тағы да растады», - деді Президент Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамындағы отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, кеңес мүшелері талқылау кезінде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарды пысықтаған.

«Біздің қазіргі ахуалды жалпы бағалауымыз және ҰҚШҰ-ның одан әрі дамуы туралы пайымымыз Қазақстанның бастамасы бойынша әзірленген Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің декларациясында көрсетілген», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент бүгінгі басқосуда екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуын атап өту мәселесіне ерекше назар аударылғанын айтты.