Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстан мен Ресей арасында 20 құжатқа қол қойылады

Қазақстан мен Ресей арасында 20 құжатқа қол қойылады. Бұл туралы Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинмен шағын құрамдағы кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстан мен Ресей арасында 20 құжатқа қол қойылады
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинмен шағын құрамдағы кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Сіздің бүгінгі сапарыңыздың күн тәртібі өте ауқымды. Сапар қарсаңында Үкімет мүшелері кездесіп, біз талқылайтын барлық мәселені пысықтады. Бүгін өте маңызды құжаттарды қабылдаймыз. Бұл 20 келісімнен тұратын құжаттар біздің тату көршілік және серіктестік рухындағы ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға тың серпін береді, – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді қарсы алғанын хабарлаған едік.

Жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимі арқылы қатысады.

28 қараша күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.