Астанада мектеп дәретханасында оқушының аяусыз соққыға жығылған. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға елордадағы №106 мектепте (Жайлы мектеп) орын алған. Астана қалалық ПД баспасөз қызметі аталған фактіге қатысты түсініктеме берді.
«Аталған факті полицияда тіркелді. Оқушының ата-анасы баланы тәрбиелеу міндетін дұрыс атқармағаны үшін жауапқа тартылады. Іс бойынша материалда сотқа және қала әкімдігіне қарасты кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолданды. Сондай-ақ, полиция білім басқармасына осындай фактілерге жол бермеу туралы ұсыныс жолдады», - делінген ПД хабарламасында.