Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

80 жастағы қария мектеп оқушысы атанды

Грекиялық зейнеткер Василлис Панайотаропулос оқуын аяқтау үшін кешкі мектепке барды. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.

80 жастағы қария мектеп оқушысы атанды
Фото: Kazinform

Ер адам 12 жасында әкесіне егістікте жұмыс істеуге көмектесу үшін мектепті тастап кеткен. Кейінірек Афинаға көшіп, онда аспазшы болып жұмыс істеген және жеке тавернаға иелік еткен.

Айтуынша, мектепті, оқуды қатты сағынған, жылдар бойы «мектепке бір күні қайтып оралсам» деген ойда жүрген. Содан соң Василлис әйеліне оқуын қайта жалғастыруға ниетті екенін айтқан.

Онымен бірге сыныпта 15 жасар балалар бар. Ұстаздардың айтуынша, ер адам сыныптастарына жақсы әсер етуде, сонымен қатар ол өте еңбекқор оқушы.

Оның сүйікті сабақтары — ежелгі грек тілі және математика. Маусым айында Василлис мектептің толыққанды түлегі болады. Осы оқиғадан шабыттанған Грекия үкіметі кешкі мектептерді қолдауға назар аударатынын айтты.