Биыл 29 қарашада елімізде теледидар мен радио жұмыс істемейді, деп хабарлайды paryz.kz.
«Биыл 29 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!», – деп жазылған «Қазтелерадио» АҚ таратқан хабарламада.
Мұндай жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі. Ол телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету үшін керек.