Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Мектепте бомба бар: ШҚО-да жалған хабарлама таратқан оқушы анықталды

ШҚО-да мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан жасөспірім анықталды. Бұл туралы Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мектепте бомба бар: ШҚО-да жалған хабарлама таратқан оқушы анықталды
Фото: istockphoto.com

Белгілі болғандай ШҚО-дағы мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Салдарынан полиция қызметкерлері мен кинолог мамандар жұмылдырылып, мектепті тексерген, алайда ақпарат жалған болып шыққан. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ретінде аталған мектептің 13 жастағы оқушысы анықталды.

Жасөспірім әзілдеу үшін жалған хабарлама таратқанын мойындады. Оқушымен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олар кәмелет жасына толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды. 

«Полиция террористік актілер туралы жалған хабарлама таратқаны үшін 14,5 млн теңгеге дейін айыппұл салынатынын немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін екенін ескертеді. 14 жасқа толған балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал 14 жасқа толмаған жағдайда балалардың ата-аналары тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін», - делінген хабарламада.