Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 23 қарашада Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысы прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлері прокуратура қызметкерін алаяқтық күдігі бойынша ұстаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Бас прокуратураның арнайы прокуроры жүргізеді.