Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алаяқтар қамауда отырған Перизат Қайрат арқылы ақша табуға кіріскен

Су тасқыны кезінде халықтан жиналған 1,6 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен қамауда отырған Перизат Қайраттың фейк-сұхбаты жарияланды деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Алаяқтар қамауда отырған Перизат Қайрат арқылы ақша табуға кіріскен

«Посттың тақырыбы қызықты және онда Tengrinews.org «жаңалықтар сайтына» сілтеме жасалған. Мұқият қарасақ, сайттың домені ұлттық .kz емес, халықаралық .org екенін байқауға болады.

Tengrinews жаңалықтар порталы .kz доменін пайдаланады. Қылмыскерлер неғұрлым сенімдірек болуы үшін қазақстандық интернет-басылымның басты бетін толығымен көшіріп алған. Сұхбат мәтінінде алаяқтар «пассивті кіріс» ұсына отырып, танымал қазақстандық банктің бағдарламасын жарнамалайды. Шын мәнінде, бұл бағдарламаның қаржы институтына ешқандай қатысы жоқ, ол қылмыстық схеманың бір бөлігі. Мұндай алаяқтық туралы біз бірнеше рет ескерткен едік», - деп хабарлайды stopfake.kz. 

Киберқылмыскерлер жалған сайтта тез арада дивиденд төленетінін айтып, өтінім толтыруды ұсынады.

Олардың қулығына түсіп қалмау үшін дереккөз күмәнді сауалнамаларды толтырмаңыз және оңай пайда табуды ұсынған бейтаныс адамдарға сенбеңіз. Шын мәнінде Перизат Қайрат не оның адвокаттары әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Қаржы мониторинг агенттігі де бұл іске қатысты ешқандай комментарий бермеген. Алаяқтардың көздеген мақсаты – жеке деректеріңіз бен ақшаңызды иемдену үшін сізді жалған сайтқа тарту.