Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Тоқаев Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты еліміздегі тиісті құрылымдарға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқаев Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
фото: akorda.kz

 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, Президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына.

Дерекке қарағанда, Парламент палаталарының төрағалары да қабылданып жатқан іс-қимылдан хабардар етілген.

«Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын», – деп толықтырды Берік Уәли.