Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Доллар 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе – Ұлттық банк жауабы

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

Доллар 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе – Ұлттық банк жауабы
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

«Біз бағамды болжап отырған жоқпыз, доллардың қанша теңгеге дейін жететінін білмеймін. Бізде еркін айналымдағы курс режимі бар, курс динамикасы бойынша болжам жасамаймыз», - деді В.Тутушкин Сенат кулуарында. Ұлттық банк өкілі кешегі күннің қорытындысы бойынша биржадағы бағам бір доллар үшін 495 теңге, сауда-саттық соңында – 496,3 теңге болғанын айтуда.

«Жалпы, 500 – жай ғана сан, оған байланудың қажеті жоқ. Бүгін 500, ертең 600, курс шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына қарай қалыптасады», - деп толықтырды спикер.

Сондай-ақ, В. Тутушкин доллардың өсуінің негізгі факторы оның әлемдік нарықтарда нығаюы екенін атап өтті. «Доллар дамушы және дамыған елдердегі барлық валюталарға қатысты нығайып келеді. Егер теңге мен еуроның арақатынасын қарастыратын болсақ, онда жағдай анағұрлым тұрақты», - деді спикер.