Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ұлттық қордан алынған қаражат қайда жұмсалады

Премьер-Министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Ұлттық қордан алынған қаражатты қайда жұмсау жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

Ұлттық қордан алынған қаражат қайда жұмсалады
Фото: Kazinform

Министрдің айтуынша, Ұлттық қор қаражаты инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға бағытталады. Сонымен бірге, Ұлттық қорға түсімдерді фискалдық және бюджеттік шаралар арқылы ұлғайту жоспарланған. 

«Біз оларды күшейтуге дайынбыз. Ұлттық қордан берілетін трансферттерге келсек, салық салынатын базаны кеңейтуге мүмкіндік беретін экономиканы дамыту маңызды. Жалпы, трансферттер қаражаты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша маңызды ұлттық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталатын болады», - деді Н.Байбазаров Сенат отырысында. 

Оған қоса, министр қазір 17 жоба бар екенін атап өтті, бірақ олардың саны артады.

«Біз бірқатар жаңа жобаларды қарастырып жатырмыз. Оларды іске асыру ауқымды қаражатты қажет етеді, бірақ олар бюджеттен бөлінбейді, жеке сектордан инвестиция түрінде тартылады. Біз бұл жұмысты бастадық, Үкіметтің міндеті – ірі жобаларды іске асыру, олардың есебінен – экономиканы дамыту және салық салынатын базаны кеңейту», - деп толықтырды Нұрлан Байбазаров.