Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Шайн мускат» жүзімінде ағзаға зиянды заттар жоқ екені анықталды

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Шайн мускат» жүзімінде ағзаға кері әсері бар зиянкес анықталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Шайн мускат» жүзімінде ағзаға зиянды заттар жоқ екені анықталды
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді. Оның қорытындысына сәйкес, жүзімде карантиндік зиянкестер табылмаған.

«Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізді. Оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл – осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш», – делінген министрлік хабарламасында.