Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алдағы 3 күнде қар жауып, бұрқасын болады

Қазгидромет алдағы 3 күнге ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы 3 күнде қар жауып, бұрқасын болады
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

«Кезекті солтүстік-батыс циклоны шығыс бағытта жылжып, Қазақстан аумағына ауысады, сол себептен жауын — шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі. Кей уақыттарда қатты жауын-шашын болады, көктайғақ құбылыстары күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанады. 22 қарашадан бастап Сібір антициклоны республиканың батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді. Республика бойынша тұман мен екпінді жел де күтіледі», — делінген синоптитер хабарламасында.

Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбайды.