Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Өскеменде үйінен шығып кеткен 18 жастағы қыз бір апта бойы табылмай жатыр

Өскемен қаласында тұратын 18 жастағы қыз үйінен таңертең шығып кеткен. Әлі күнге дейін оның қайда екені белгісіз.

Өскеменде үйінен шығып кеткен 18 жастағы қыз бір апта бойы табылмай жатыр
Фото: Lider.kz

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Әнел Ерік 12 қараша күні таңертең қаладағы Металлург саябағының маңындағы үйінен шығып кеткен. 

Қайда кеткенін айтпаған ол сол күні хабар-ошарсыз. Ата-анасы сол күні полицияға хабарласып, көмек сұраған соң тәртіп сақшылары мен еріктілер жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Алайда арада бір апта өтсе де 18 жастағы қыз табылмай жатыр. 

«Бойжеткеннің үстінде қара футболка, жасыл жейде, қара шалбар және етік болған. Өзімен бірге ұялы телефонын ала шығыпты. Бірақ сол күннен бері өшірулі тұр. Әнел Еріктің қайда екендігі туралы қандай да бір ақпарат білетін адамға 102 арнасына қоңырау шалуын сұраймыз», - делінген ақпаратта.