Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Басқа әйел алып, кет дедім»: Майра Мұхамедқызы тұңғыш рет отбасындағы сырды ашты

Опера әншісі Майра Мұхамедқызы жеке өмірі туралы бұрын айтылмаған құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz Alash.kz-ке сілтеме жасап.

«Басқа әйел алып, кет дедім»: Майра Мұхамедқызы тұңғыш рет отбасындағы сырды ашты
фото: видеодан скриншот

Ол бұл туралы тележүргізуші Дана Нұржігітке берген сұхбатында айтты.

«20 жыл. Бала болмаған кезде де мен сөз бердім. Өліп кетсем де саған туып бере аламын деп. Мен рұқсатымды бердім, егер мен бала туа алмасам, сен басқа әйел алып, кетуіңе болады. Мен махаббатымды қиямын дедім. Ол айтты: «Өмірдің мақсаты, мәні әрине бала. Бірақ біздің махаббатымыз бар ғой деді. Ол бала — Алланың қолында деді. Алла берем десе береді, бермеймін десе бермейді. Ол біздің құзырымызда емес. Біздің денсаулығымыз да, бәрі жақсы. Бірақ бермесе, оған кім кінәлі? Сондықтан мен түсінемін, бәрі бір Алланың қолында деді. Сен тастамасаң, мен сені тастамаймын деді», — деп жауап берді опера әншісі.