Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентіне Алматы апортын сыйлады. Бұл туралы шет ел президенті Александр Вучич әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды paryz.kz.
Александр Вучич Белградқа ресми сапармен барған Қазақстан президентін ықыласпен күтіп алған. Сондай-ақ Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын жазды. 18 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға барды.
Мемлекет басшысын Сербия президенті Александр Вучич Белград әуежайында қарсы алды. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Мемлекет басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды, – деп хабарлады Ақорда.