Ақтауда мекемелердің бірінің жанында ер адамның қызды ұрып-соғып жатқан сәті видеоға түсіп қалған. Полиция бұл оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды paryz.kz.
Бейнежазбада ер адамның қыздың жағынан тартып жібергенін көруге болады.
Соққының соншалықты күшті болғанынан қыз сүрініп кетеді. Кейін ер адам қайтадан қызды бетінен ұрады, бұл соққыдан кейін қыз құлап түседі.