Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Түркістан облысында компания директоры 862 млн теңге жымқырған

Түркістан облысының Созақ аудандық соты "Iri building" ЖШС директорын 862 млн теңге жымқырғаны үшін 8 жылға соттады, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Түркістан облысында компания директоры 862 млн теңге жымқырған
Фото: istockphoto.com

"Iri building" ЖШС мердігерлік ұйымының директоры Н.Т. Әбілдиновке, "KAZ Design & Development Group LTD" ЖШС авторлық қадағалау директоры Л.А. Момотқа, авторлық қадағалау инженері С.М. Кончаковқа, сондай-ақ техникалық қадағалаудың нақты меншік иесі – "KZ Development" аккредиттелген орталық" ЖШС Б.С. Алматовқа қатысты үкім шықты", - деп жазылған хабарламада.

Әбілдинов Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өндіруші кәсіпорынды жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 млн теңгені 2019-2021 жылдар кезеңінде жымқырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот оның сыбайластары Момот, Кончаков, Алматовты жымқыруға көмектескені үшін кінәлі деп танып, оларға 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Бұл ретте, ҚР ҚК 75-бабының 1-бөлігі негізінде сот Кончаковты қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді тағайындады.

Сондай-ақ сот сотталғандардан материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талапты қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.