Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Қонаев сотының төрағасы сотталды

Қонаев қалалық сотының төрағасы сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты.

Қонаев сотының төрағасы сотталды
Фото: Kazinform

«Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен Қонаев қалалық сотының төрағасы Ж.Қ.Жанболатов 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол сотталушыға жазасын жеңілдету сылтауымен, аса ауыр қылмысты жеңілдету бойынша 9 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алу арқылы алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды», — деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, қосымша жазалау шарасы ретінде Жанболатов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.