Алматы облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №14 мекеме бастығының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Аталған дерек бойынша өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді.
«2024 жылғы 13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп - тексеру басқармасы Алматы облысы бойынша ҚАЖД №14 мекемесі бастығының орынбасарын бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұстады», - делінген прокуратура хабарламасында. Қазір қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. «Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады прокуратура.