Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Ақша айырбастау: шетел валюталары неше теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 491 – 496 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ақша айырбастау: шетел валюталары неше теңгеден саудаланып жатыр
Фото: istockphoto.com

«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Тренд Ақорда Тағайындау Астана АЭС Заң және тәртіп Жошы ұлысы Басты Бет Барлық жаңалықтар 09:20, 14 Қараша 2024 | GMT +5 Ақша айырбастау: шетел валюталары неше теңгеден саудаланып жатыр Валюта Фото: Kazinform АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 491 – 496 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 14 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 492,17 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,00 теңге. Еуро — 522,39.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 494 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 495 теңге. Еуро 523 — 526,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 491 теңге, сатып алу құны — 496 теңге. Еуро 522 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,07 аралығында саудаланып жатыр. Айта кетейік, 13 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,87 теңгеге төмендеп, 492,22 теңге болған.