Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шерзат Болатты өлтіргендер туралы сұмдық деректер белгілі болды

Талғарда  16 жасар Шерзат Болатты өлтірді деп күдікке ілінгендерге қатысты тың деректер белгілі болды.

Шерзат Болатты өлтіргендер туралы сұмдық деректер белгілі болды
фото: әлеуметтік желіден

Ол туралы ашық сот өтуін талап еткен марқұмның туыстары айтып берді. Бейнежазбасын блогер Жан Ахмадиев жариялады.

«Абзал деген жауыз шімірікпей отыр. Өзінің кінәсін мойындаса, құдайдың жөні ғой. Ешқандай өкіну жоқ, — деді Шерзаттың апаларының бірі. 

Тағы бір күдіктінің 3-4 адамды жарымжан еткенін айтты. Нұрқияс деген бала менің баламды өлтіргенге дейін де 7-8 рет іс қозғалып, 3 адамды жарымжан еткен. Сол істердің бәрінің жабылып кеткенінен мен қорқамыз, — деді Шерзаттың апасы.

Ал оқиға орнында болған 2 қыз куәгер емес дегенді алға тартты.

«Ешкім жазасыз қалмасын. Куәгер деп айтылған қыздар да жазасын алсын. 13 адамның бәрі жазалансын. Жабық сот болатын болса, бұрмаланып кететініне 100% сенімдімін, — деді марқұмның әпкесі. Ол президенттен ашық сот өткізуін сұрайды.