Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Астанада танымал спортшының әйелі мен әкесі соттасты

Екі айдан кейін оның жесірі Әділет министрлігіне спортшының атымен аталатын тауарлық белгіні және 6 түрлі өнімдерді (баспа, фарфордан жасалған мүсіншелер, керамика және шыны, шыныаяқ, киім мен аяқ киім, маркетинг, көрмелер ұйымдастыру және т.б.). тіркеу туралы өтінішпен жүгінген, деп хабарлайды paryz.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада танымал спортшының әйелі мен әкесі соттасты
Фото: istockphoto.com

9 ай өткен соң тауарлық белгі тіркеліп, әйел иесі ретінде танылған. Алайда қайтыс болған спортшының әкесі тауарлық белгінің тіркелгенімен келіспей, сотқа арызданған.

Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы спортшының ата-анасы мен балаларының құқығын қорғау үшін тауарлық белгінің тіркелуін негізсіз деп таныды.

Тауарлық белгіні тіркеу кезінде мұрагерлердің (спортшының ата-анасы мен балаларының) заңды мүддесі ескерілмеген. Олар тауарлық белгі спортшының жесірінің атына тіркелгендіктен спортшының атағын пайдалану құқығынан айырылған.