Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бишімбаевтың қашып кеткені туралы ақпарат тарады

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде тараған сотталушы Қуандық Бишімбаевтың колониядан қашып кеткені туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлады Paryz.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Бишімбаевтың қашып кеткені туралы ақпарат тарады
фото: Тұрар Қазанғапов

«Қ. Бишімбаевтың қашып кеткені туралы жалған ақпарат таралуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр», – делінген хабарламада.

Комитет қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

«Бұл жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.