Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркістан облысында жыртық тудың желбіреп тұрған видеосы тарады

Әлеуметтік желіде жыртылып қалған Мемлекеттік Тудың желбіреп тұрған видеосы тарады. Жазба авторларының айтуынша, оқиға Келес ауданында болған.

Түркістан облысында жыртық тудың желбіреп тұрған видеосы тарады
фото: видеодан скриншот

Желіде жарияланған видеоға пікір жазушылардың басым бөлігі жергілікті әкімдікті кінәлап жатыр.

Олардың арасында «Әкімдікке айыппұл салу керек», «Күлеміз ба, жылаймыз ба? «Осыған мән бермеген әкімді орнынан алып тастау керек», «Алақандай ауданның көк туын көрмегені, мұрнының астын көрмегені», «Келес ауданы атқару билігі қайда қарап отыр», «Әкімдерін ауыстыру керек, жұмыс істемегені көрініп тұр», «Ұят болыпты», «Патриотизм кайда?», «Айй, бір кем дүние бопты ғой» деген жазбалар бар. Ал, жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі оқиғаның 6 қараша күні болғанын жеткізді. Сондай-ақ, жыртылған тудың дер кезінде ауыстырылғандығын мәлімдеді. 

«Сол күні күн бқзылып, нөсер жаңбыр жауды, қатты жел тұрды. Нәтижесінде аудан орталығы Абай ауылындағы тұғыр үстіндегі Мемлекеттік Туға зиян келген болатын. Орын алған жайт бойынша жауапты мекемелер шұғыл түрде Мемлекеттік Туды қалпына келтірді» - делінген әкімдік жауабында.

Айта кетейік, аудан орталығындағы 30 метрлік тутұғыр 2019 жылы ашылған болатын. Ондағы Тудың ені 3 метр, ал ұзындығы 6 метрді құрайды.