Өйткені дауылды жел тұрып, көшелерде жүру мүмкін болмай қалған. Ғимараттар мен мектептердің шатырлары ұшқан. Балалардың қауіпсіздігін алдын-алу мақсатында, түстен кейінгі сыныптар қашықтан оқуға жіберілді.
Қарақия ауданы әкімдігінің мәліметінше, ауданда 3 ғамараттың және 2 жеке тұрғын үйдің шатыры ұшқан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Дауылдың салдарынан кей жерлерде электр желісі үзіліп ал, кей жерлерде уақытша ажыратылды.
Төтенше жағдай бойынша жедел штаб құрылып комиссия отырысы өтуде. Ал, Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, аймақта тұрақсыз ауа райы әлі де сақталады. Өйткені, кең ауқымды солтүстік-батыс циклоны жүріп жатыр.
- Маңғыстау облысы тұрғындарына ғимараттардан шықпауға яғни көліктерін талдардың астына қоймауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және осындай төтенше жағдайлар болған кезде 112 және 101 телефон нөміріне хабарласуыңызды сұрамыз, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерлан Сұлтанмұратов.