Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен ұсталған Хасан Қасымбаев сот шешімімен 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл ақпаратты Алматы облысының Полиция департаменті таратты.
- Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 2024 жылдың 2 қарашасында Қ. есімді азамат ұсталып, сот шешімімен 2 айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.