Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«Алматы бас жоспары» мекемесі бас директорының орынбасары сотталды

Алматы қаласы Медеу ауданының соты «Алматы бас жоспары» ЖШС бас директорының орынбасары С. Өмірәліұлын соттады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Алматы бас жоспары» мекемесі бас директорының орынбасары сотталды
Фото: Pixabay.com

«Ол алаяқтық жасағаны және жергілікті кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды»,- деп хабарламада.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.