Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Кентауда «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік ұйымының тобы жойылды

Түркістан облысы Кентау қаласында «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының жасырын тобы жойылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Кентауда «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік ұйымының тобы жойылды
фото: видеодан скриншот

Polisia.kz мәліметінше, экстремистік топты ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлінісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен жойды.

 Ұйым елімізде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, «шариғат» нормаларын енгізуді көздеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеясын насихаттағаны анықталды.

Топ мүшелері «Хизб-ут-Тахрир» шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған. Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотталған.

 Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдер тәркіленді. Қазір терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.