Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Күн бетінде төрт қуатты алау тіркелді

Жұмаға қараған түні Күн бетінде төрт қуатты алау пайда болды. Олардың бірі ең жоғары класты екені анықталды, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Күн бетінде төрт қуатты алау тіркелді
Фото: NASA

Бұған дейін X1.3 алауы туралы хабарланған болатын. Ғалымдар оның күшін нақтылады, жаңартылған ақпаратқа сәйкес, «3878 (N16E29) күн дақтары тобында 15 минутқа созылатын X2.0 алауы тіркелген».

Қолданбалы геофизика институтының мәліметінше, жұма күні түнде М класындағы үш алау тіркелген, олардың біреуі ең жоғары X класына жақын болды. «1 қарашада Мәскеу уақытымен сағат 00:54-те (Астана уақыты бойынша 03:54) рентген диапазонында 3 878 (N15E26) күн дақтары тобында ұзақтығы 55 минут болатын M9.5 алауы анықталды. М класының тағы бір алауы жұма күні таңертең болды», - делінген хабарламада. 

Рентген сәулеленуінің қуатына байланысты күн алауы бес класқа бөлінеді: A, B, C, M және X. Ең аз A0.0 класы Жер орбитасындағы 1 шаршы метрге 10 нВт сәулелену қуатына сәйкес келеді.

Келесі әріпке өткенде қуат 10 есе артады. Әдетте алаулар күн плазмасының шығарындыларымен бірге жүреді, олардың бұлттары Жерге жетіп, магниттік дауылдарды тудыруы мүмкін.