Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Саран қаласы үш аптадай жылусыз отырды: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Саран қаласы үш аптадай жылусыз отырды: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
Фото: gov.kz

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді», - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында.

Естеріңізге салайық, қазан айының ортасында Қарағанды облысындағы Саран қаласы жылусыз отырғаны белгілі болды.