Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Түрмеде отырған алаяқтар халықтан 2 млрд теңге иемденіп алған

Түрмеде отырған алаяқтар халықты алдап, бір жылда 2 миллиард теңге пайда тапқан, деп хабарлайды paryz.kz.

Түрмеде отырған алаяқтар халықтан 2 млрд теңге иемденіп алған
Фото: paryz.kz

Абақтыдағы Call-орталықтарында отырғандары сайттардағы хабарландырудан тапқан люкс машиналардың иеcімен келіссөз жүргізсе, қалған шаруаны бостандықтағы көмекшілері реттеген.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен прокуратура бірлесіп, арнайы операция ұйымдастырды. Тінту кезінде ақша, банк карталары, діни әдебиетпен қоса, есеп-қисап жүргізген журналдарына дейін табылған. 

Осылайша, түрмедегі алаяқтар бір жылда 2 миллиард теңгені қалтасына басқан. Қылмыстық топ сақтық шараларын мейлінше қолға алған. Құжаттарынан қате таппайтындай, мінсіз логистикалық компания ашады, арнайы мобилограф жалдап сайттың жарнамасын сайлап қояды. 

Тек содан кейін ғана халыққа көлікті тиімді бағамен «кез келген қаладан тасымалдап береміз» деп уәдені үйіп-төгеді. Құрығына тек қымбат машина иелерін түсіруге тырысқан. Сөйтіп «басқа қалаға жөнелттім» деген көлігі, не тілдескен адамы ақшамен қоса жоқ болып кеткен. 

Ұрланған көліктер бірден вин-коды өзгертіліп, шетелге сатып жіберіліп отырған. Қылмыстық топ еліміздің бірден 9 өңірінде айласын іске асырып отырыпты. Ал бәрін басқарып отырғандар Алматы облысындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталушылар екен. Олардың шоттарына күн сайын қомақты сома түсіп отырған. 

Құқық қорғау органдары қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді. Елуден аса қылмыскер түскен ақшаны құмар ойындарына салған. Ұсталғандардың басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.