Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қандай жағдайда күмәнді хабарлама жіберген WhatsApp аккаунт бұғатталады?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ведомство интернет-алаяқтыққа қарсы Telegram, Meta-мен байланысты күшейткенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Қандай жағдайда күмәнді хабарлама жіберген WhatsApp аккаунт бұғатталады?
Фото: Halyq Uni

«Біз мессенджерлермен ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Қазір Telegram, Meta сынды компаниялардың кеңсесін ашу мәселесін қарастырып жатырмыз. АХҚО базасында кеңселерді тіркейміз, ал Astana Hub-та Telegram кеңсесін ашу ұсынылды. Қазір мазмұнды модерациялауға жауапты нақты тұлға анықталды. Егер Қазақстан заңнамасының бұзылуы, зорлық-зомбылыққа шақыру, есірткіге қатысты хабарламалар болса, Telegram компаниясы біздің өтінішті тез қарайды. Осылайша, арналарды бұғаттауға және жоюға көмектеседі», - деді Жаслан Мәдиев

Сенаттың жалпы отырысында. Сондай-ақ Meta-мен де ынтымақтастық жолға қойылған. 

«Компанияның хабарлауынша, қазір барлық ел алаяқтық, кибершабуылға тап болып отыр. Олар жасанды интеллектке негізделген технологиясының арқасында WhatsApp-та 1,2 млрд аккаунт өшірді. Жұмыс желіні пайдаланушылардың шағымынсыз жүргізілді. Егер олар күдікті хабарлама алса, олар «адамға шағымдану» батырмасын басуды ұсынады. Содан кейін оларға соңғы 5 хабарлама қолжетімді болады. Осылайша, олар хаттың мазмұнын талдай алайды. Нәтижесінде шағым орынды болса, аккаунтты өшіреді», - деді министр.