Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шерзат Болаттың сараптамалары дайын болды - Министрлік не дейді?

Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты қандай сараптамалар жүргізілді? Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Шерзат Болаттың сараптамалары дайын болды - Министрлік не дейді?
фото: әлеуметтік желіден

Ол тергеуге байланысты істің мәні туралы айта алмайтынын, өйткені бұл - ІІМ өкілеттіктілігінде екенін айтты.

Сот-медициналық сараптамаларға келетін болсақ, олардың бесеуі тағайындалды: дене сараптамасы, өрттің пайда болу себептерін анықтауға арналған сараптама, фототехникалық сараптама, молекулалық-генетикалық сараптама және биологиялық сараптама, - деді Талғат Уәли.

Ресми өкілдің сөзінше, қазір 5 сараптаманың үшеуі дайын болған.