Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Құжаттағы аты-жөнге «келіні», «немересі» сөздерін тіркеп жазуға бола ма?

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ведомствоның баспасөз мәслихатында адамның тегін құжатқа жазудың тәртіптеріне тоқталды, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Құжаттағы аты-жөнге «келіні», «немересі» сөздерін тіркеп жазуға бола ма?

«Соңғы уақытта қоғамда жиі қозғалатын және журналистер тарапынан жиі қойылатын сұрақтардың бірі азаматтардың тегін, атын, әкесінің атын беруге қатысты жайтқа түсініктеме берейін. Бұл норма «Неке және отбасы туралы» кодекспен реттеледі. Әділет министрлігі ел азаматтарының аты, тегі, әкесінің атын өзгерту туралы арнайы статистика жүргізбейді. Алайда, біздің мәліметімізше, жыл сайын орта есеппен 12 мың адам аты-жөніне өзгерістер енгізеді», - деді ол.

Айтуынша, азаматтар әділет органдарына көбінесе аты-жөнінде бейәдеп сөз болуымен және жазылуында орфографиялық қате кеткен жағдаймен байланысты жүгінеді.

«Сонымен бірге, «Неке және отбасы туралы» Кодексте жеке тұлғаның тегін «тегі», «ұрпағы», «немересі», «шөбересі», «келіні» және т.б. сөздерді қосып жазуға жол берілмейді деп бекітілген», - деді Талғат Уәли.