Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Сарыөзекте сарбазды ұрып өлтірген офицер жеті жылға сотталды

Алматы гарнизонының әскери соты биыл мамырда әскери госпитальге түсіп, ауруханада көз жұмған қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Сарыөзекте сарбазды ұрып өлтірген офицер жеті жылға сотталды
Фото: https://www.facebook.com/rinat.rafkhat

Әскери бөлімдегі лейтенант Жанбота Шәкіровке «билiктi асыра пайдаланды» деген айып тағылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Қоғам белсендісі Ринат Рафхат бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.

«Әскердегі әлімжетіктің салдарынан ауруханаға түсіп, 10 күннен кейін көз жұмған жас сарбаз Досымжан Сәлімжанның ісі бойынша айыпталған лейтенант Шәкіров ҚК 451-бап «Билiктi асыра пайдалану» 2-тармағымен 7 жыл бас бостандығынан айырылды», - деп жазды ол.

Жанбота Шәкіров сотта марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады.