Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Екі күнде іздеуде жүрген 280 қылмыскер ұсталды

Ішкі істер министрлігі жоғалған адамдардың орналасқан жерін анықтау және іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі күнде іздеуде жүрген 280 қылмыскер ұсталды
Фото: Polisia.kz.

Екі күн ішінде полиция іздеуде жүрген 280 қылмыскерді ұстады, оның ішінде: – кісі өлтіргені үшін – 9; – денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 4; – қарақшылық шабуылдар үшін – 5; – тонау үшін – 7; – есірткі қылмысы үшін – 19.

Республикадан тыс жерлерде 33 қылмыскер құрықталып, ал басқа мемлекеттердің сұрауымен 145 адам қамауға алынды. 

Арменияның Ноемберян ауданының аумағында 36 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Ол қыркүйек айының соңында Петропавлда қала тұрғынына пышақ жарақатын салып, өміріне қастандық жасаған. Павлодар облысы полициясының жедел-іздестіру тобы Ресей Федерациясының Орел қаласында 42 жастағы қазақстандықты ұстады. Қаскөй 2017 жылы өңірлік ЖШС-нің біріне дизель отынын жеткізуге уәде беріп, 50 млн теңгені иемденген. Алматы полициясы Ташкент облысының МІІБ-мен іздеуде жүрген 28 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Әйел 2015 жылдың мамыр айында өзінің кәмелетке толмаған қызын өлтірген. Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша Германияның Нюрнберг қаласында еліміздің 42 жастағы азаматы ұсталды. Ол наурыз айының соңында астық жеткізуге уәде беріп, Павлодарда шетелдіктің 244 мың АҚШ долларын жымқырған. 

Абай облысының ПД қызметкерлері іздеуде жүрген семейлік тұрғындарды қаланың өзінде құрықтады. Олар 2021 жылы ҰҚТ көмегімен металл зауытынан құрамында алтыны бар материалды ұрлап әкеткен. Сонымен қатар жүргізілген жұмыс барысында полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 53 адамның орналасқан жерін анықтады.