Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Республика күнінде мас болып қалған полиция подполковнигі тәртіп бұзған

Қостанай облысы полиция департаментінің кадр жұмысы жөніндегі аға инспекторы Болат Ибрашевтің Республика күнін тойлап жүрген сәті видеоға түсіп қалды. Тәртіп сақшысы мас халде қоғамдық тәртіпті бұзған, деп хабарлайды Paryz.kz Tobol.info-ға сілтеме жасап.

Республика күнінде мас болып қалған полиция подполковнигі тәртіп бұзған
фото: видеодан скриншот

Полиция подполковнигінің әрекетін «Понаехали» дәмханасының келушілері видеоға түсіріп алған. Кадрдан оны адамдардың ойын-сауық мекемесінен шығарып жіберіп жатқанын көруге болады. Була, мен саған өмір бумеранг деп айттым ғой, – деп жазды желі қолданушылардың бірі.

Видеоға қатысты Қостанай облысының полиция департаменті пікір білдірді. Аталған факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалып, оның аясында қызметкердің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сондай-ақ қызметкердің де, басшылықтың да кінәсінің деңгейі анықталады, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері